Күншуақ
2–3 жас
Аралас топ: кіші топ (2 жастағы балалар) және ортаңғы топ (3 жастағы балалар).
Жеке балабақша · Алматы, Қарағайлы
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған жайлы, жарық әрі қауіпсіз орта. Оқыту толықтай қазақ тілінде.
«Rauan» — «Талғат Айым» ЖШС жанындағы жеке балабақша. Біз әр балаға қамқорлықпен қарап, оның ойын арқылы дамуына, ана тілін сүюіне және мектепке сенімді қадам басуына жағдай жасаймыз.
2026–2027 оқу жылы · барлық топтарда оқыту қазақ тілінде
2–3 жас
Аралас топ: кіші топ (2 жастағы балалар) және ортаңғы топ (3 жастағы балалар).
4–5 жас
Аралас топ: ересек топ (4 жастағы балалар) және мектепалды топ (5 жастағы балалар).
3–4 жас
Аралас топ: ортаңғы топ (3 жастағы балалар) және ересек топ (4 жастағы балалар).
Балаңыздың қабілетін ашатын қосымша сабақтар
Ырғақ сезімі, икемділік пен дұрыс мүсін. Би арқылы бала өзіне сенімді болып, музыканы сезінуге үйренеді.
Абакус арқылы ойша санау. Зейінді, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады.
Дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорды байытуға және сауатты сөйлеуге көмектесетін жеке сабақтар.
Күлкі, ойын және жаңа ашылулар
Бос орындар мен қабылдау тәртібі туралы телефон арқылы немесе WhatsApp-та біліңіз. Балабақшаға келіп, топтармен танысуға шақырамыз.